Пентест
Осалдықтарды зиянкестерден бұрын табамыз
Сайттарыңызды, жеке кабинеттеріңізді, API мен мобильді қосымшаларыңызды нағыз зиянкес жасайтындай тексереміз. Әр табылған олқылықты қолмен растап, оны қалай түзетуге болатынын түсіндіреміз.
Не кіреді
- Сыртқы периметр: домендер, қосымша домендер, ашық сервистер
- Веб-қосымшалар мен жеке кабинеттер (OWASP Top-10)
- API және мобильді қосымшалар
- Жұмыс логикасы: бөтен деректерге қол жеткізу, төлемді айналып өту, құқықтарды арттыру
- Қызметкерлердің құпиясөздерінің ашық базаларға ағып кетуі
- Басшылыққа арналған есеп және әзірлеушілерге арналған техникалық мәліметтер
- Түзетуден кейін тегін қайта тексеру
Маңыздылық деңгейлері бойынша құны
Төлем шарттары
- 1Осалдық таппасақ, сіз ештеңе төлемейсіз және «периметр таза» PDF-есебін аласыз.
- 2Тапсақ, тек расталған осалдықтар үшін олардың маңыздылық деңгейінің тіркелген бағасымен төлейсіз.
- 3Деңгейді халықаралық CVSS шкаласы (0-ден 10-ға дейін) бойынша анықтаймыз: осалдық неғұрлым қауіпті болса, баға соғұрлым жоғары.
- 4Әр табылған олқылықты шот қойылғанға дейін сізбен келістіреміз. Бір осалдықтың қайталануы есептелмейді.
- 5Алдын ала төлем жоқ. Түзетуден кейін қайта тексеру тегін.
Жұмыс қалай өтеді
- 01Шарт және шекаралар
Шартқа, NDA-ға және жазбаша рұқсатқа қол қоямыз. Қандай жүйелер мен қандай мерзімде тексерілетінін бекітеміз.
- 02Барлау
Компаниңыз туралы интернеттен көрінетін барлығын жинаймыз: сайттар, сервистер, қосымша домендер, ағып кеткен құпиясөздер.
- 03Осалдықтарды іздеу
Мамандар қолмен және кәсіби құралдардың көмегімен жүйелердің баптауларынан, кодынан және логикасынан қателерді іздейді.
- 04Растау
Осалдықтың нақты екенін қауіпсіз түрде дәлелдейміз: деректерге де, сервис жұмысына да зиян келтірмейміз. Критикалық осалдықтар туралы бірден хабарлаймыз.
- 05Есеп және ретест
Әр олқылықты сипаттаймыз: ол не, неге қауіпті, қалай түзетуге болады. Түзетуден кейін тегін қайта тексереміз.
Сіз не аласыз
- ✓PDF-есеп: осалдық болмаса да әрқашан беріледі
- ✓Басшылыққа арналған түсінікті тілдегі қысқаша түйіндеме
- ✓Әзірлеушілерге арналған ұсыныстары бар техникалық бөлім
- ✓Түзетуден кейінгі қайта тексеру актісі
Дербес деректер туралы заң талаптары
2026 жылғы 21 қыркүйектен бастап міндетті қорғау шараларының көлемі дерекқорларыңыздағы адамдар санына (клиенттер, қызметкерлер, үміткерлер, жазылушылар) байланысты:
Қорғау шараларын сақтамағаны үшін айыппұл — 600 АЕК-ке дейін, деректер жоғалған жағдайда — 2 000 АЕК-ке дейін (ҚР ӘҚБтК 79-бабы). Санатыңызды анықтауға тегін көмектесеміз.
Заңдық тазалық
- →Тек шарт бойынша және жүйе иесінің жазбаша рұқсатымен жұмыс істейміз.
- →Жұмыс басталғанға дейін NDA-ға қол қоямыз: тексеру фактісі мен нәтижелері құпия.
- →Қатаң келісілген шекте әрекет етеміз, бұл ҚР ҚК 205-бабын бұзуды болдырмайды.
- →Әдістеме — OWASP WSTG және PTES халықаралық стандарттары.
- 1kemel-tech.kz сайтында өтінім қалдырыңыз немесе қоңырау шалыңыз: 2 сағат ішінде кері қоңырау шалып, жұмыс көлемін нақтылаймыз.
- 2Шартқа, NDA-ға және жазбаша рұқсатқа қол қоямыз (ЭЦҚ немесе скан).
- 3Келісілген күні жұмысты бастаймыз.
Ұсыныс 30 күн жарамды және жария оферта болып табылмайды. Жұмыстың түпкілікті көлемі мен құны шартта бекітіледі.